2021-06-17

Жаңалықтар
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕУ 18 МАУСЫМ КҮНІ БАСТАЛАДЫ.

✅ Тіркелу 18 маусым күні басталады.
✅ Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
✅ Кешенді тестілеу 2021 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.
✅ Тестілеу 3 блоктан тұрады:
• Шет тілі бойынша тест;
• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
* Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

💰Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге (тіркелу кезінде онлайн жасалады).

«Тіркеу кезінде тестілеу өткізілетін орынды оқуға түсуші өзі таңдайды. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынағынан өтуге болады. Емтихандар 20 шілдеден басталып, 10 тамызға дейін жалғасады»,​ – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға түсу үшін шекті балл өзгеріссіз қалды және 75 балды құрайды, оқуға ақылы негізде түсу үшін 50 балл жинау қажет. Емтихан төрт сағатқа дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, магистратура бойынша гранттардың жалпы саны  13 263, кадрлар даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.

дереккөзге сілтеме.

Все события и новости

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

2021-07-03

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары мен мұғалімдері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастады.

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие