2021-06-24

Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 97 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау 2021 жылдың 25 маусымында басталады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді.

Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі.

Білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Яғни, грант талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады. Болашақ студенттердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар.

«Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

«Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

дереккөзге сілтеме.

Все события и новости

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

2021-07-03

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары мен мұғалімдері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастады.

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие