2021-07-03

Жаңалықтар
145 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Тестілеу қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ын құрайды. Тестіленушілердің 57 187-сі немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмады. Ең жоғары балды (140 балл) Павлодар қаласының талапкері жинады. 1923 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

«Электрондық форматтағы тестілеудің бірқатар артықшылығы бар. Ол тестілеуді тапсырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз нұсқалар мен дұрыс жауаптар кодтарының бірегейлігін ойластырдық. Яғни, әр нұсқа кездейсоқ таңдау арқылы өтініш беруші қосымшада рұқсат алған кезде жасалады. Бұл тест нұсқалары қайталануының алдын алып, дұрыс жауаптар кодтарының сәйкес келу ықтималдығын да жойды. Түлектер ҰБТ-ны бұрынғыдай бір аптаның көлемінде емес, екі айдан астам уақыттың ішінде тапсыра алады. Сонымен бірге түлектерге екі мүмкіндік берілген», –деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

 

дереккөзге сілтеме.

Все события и новости

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

2021-07-03

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары мен мұғалімдері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастады.

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие