2021-01-21

Жаңалықтар
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды.

2021 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсанына дейін өтті, ҰБТ 2021 жылдың 20 қаңтар айында басталды. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны 2242 теңге. Карантинге байланысты  ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 ағым бойынша өтеді.

Пәндер бойынша тест тапсырмаларының саны өзгертілді!

Міндетті пәндер:

1. Қазақстан тарихы – 15 балл (15 тапсырма);
2. Математикалық сауаттылық – 15 балл (15 тапсырма);
3. Оқу сауаттылығы – 20 балл (20 тапсырма).

Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау ұсынылады!

Екі бейіндік пән (әр пән бойынша):

1 – ден 20-ға дейін ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау ұсынылады;

21 – ден 25-ке дейін ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау ұсынылады (мәнмәтінге негізделген тапсырмалар);

26-дан 35-ке дейін ұсынылған жауаптардың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау ұсынылады.

Әрбір бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 35!

Профиль пәндеріне мәнмәтін негізіндегі тапсырма қосылды: Мәнмәтін-сұрақта (тапсырмада) сипатталған проблемалық жағдайды қамтитын тақырыптық сала.

Тестілеу уақыты – 240 минут.

ҰБТ балдарының ең жоғарғы саны – 140 балды құрайды.

Тестілеу нәтижелері:

  • Мемлекеттік комиссия сол күні жариялайды;
  • Өткізу орны бойынша ақпараттық стендте ілінеді;
  • Сертификат электронды түрде беріледі;
  • Тестілеу нәтижесімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады (тестіленушінің АКТ және ЖСН енгізу кезінде);
  • Нәтижелермен келіспеген жағдайда, тестіленуші апелляцияға бере алады.
Все события и новости

2021-02-19

Нархоз университеті Сіздерді халықаралық құқық олимпиадасына – зияткерлік сайысқа қатысуға шақырады, оның мақсаты бітіруші сыныпта оқитын білімалушылардың  құқық саласындағы білім деңгейін анықтау болып табылады. Олимпиада аясында сіз өзіңіздің біліміңізді тексеріп қана қоймай, жеңіске жетсеңіз, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу құнын толық немесе ішінара төлеуге мүмкіндік аласыз.

2021-01-26

Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың қатысуымен «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті, форум барысында талапкерлер көптеген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Толығырақ айта кетсек:

2021-01-21

2021 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсанына дейін өтті, ҰБТ 2021 жылдың 20 қаңтар айында басталды. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны 2242 теңге. Карантинге байланысты  ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 ағым бойынша өтеді.

2021-01-14

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында техникалық және кәсіптік білім беруге (ТжКБ) қатысты заңнамадағы жаңалықтар туралы хабарлады.

2020-12-02

ҰБТ өткізу пункттерінде өтінімдер қабылдау мерзімі: 1-15 желтоқсан аралығында.

ҰБТ өткізу мерзімі: 15-20 қаңтар аралығында.

Тестілеу бағасы: 2242 теңге.

Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие