2021-02-19

Жаңалықтар
Нархоз университетінде тегін (гранттық) оқу!

Нархоз университеті Сіздерді халықаралық құқық олимпиадасына – зияткерлік сайысқа қатысуға шақырады, оның мақсаты бітіруші сыныпта оқитын білімалушылардың  құқық саласындағы білім деңгейін анықтау болып табылады. Олимпиада аясында сіз өзіңіздің біліміңізді тексеріп қана қоймай, жеңіске жетсеңіз, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу құнын толық немесе ішінара төлеуге мүмкіндік аласыз.

Олимпиада ашық, әділ және бәсекелі күрес негізінде өткізіледі. Сіздің жұмысыңызды тәуелсіз сарапшылар – Нархоз университетінің жетекші заң ғылымдарының докторлары, кандидаттары және жетекші мамандары бағалайды, олардың тәжірибесі мен кәсібилігі күмән тудырмайды.

Тіркелу уақыты 05.02.2021 – 25.02.2021 аралығы сілетеме бойынша өту.

Қажетті мағлұматтар:

  • Олимпиадаға әлемнің кез келген мемлекетінің мектеп бітіруші түлектері қатыса алады;
  • Олимпиада – қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде өтеді;
  • Олимпиада жеңімпаздары Нархоз университетінде тегін (гранттық) оқу мүмкіндігіне ие болады.

 

Олимпиаданы ұйымдастыру Комитеті:

  • olympiad@narxoz.kz
  • SLPP +7 727 377 1913
  • Мекенжайы: 1-ші шағын аудан, 81 үй, Әуезов ауданы, Алматы, Қазақстан, 050035

 

Все события и новости

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

2021-07-03

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары мен мұғалімдері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастады.

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие