2021-01-14

Жаңалықтар
Жуырда Заңға енгізілген жаңа түзетулер ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) беру деңгейін де қамтыды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында техникалық және кәсіптік білім беруге (ТжКБ) қатысты заңнамадағы жаңалықтар туралы хабарлады.

1. Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады.

2. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды. Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады.

3. Колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады.

4. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына қарасты біраз колледждер жұмыс істейді, бірақ бұған дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес ол оқу орындары бюджет есебінен кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс ала алмайтын. Жаңа түзетулерге сәйкес бұл мәселе оң шешімін тапты.

5. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуіне қатысты талаптар алынып тасталды.

дереккөзге сілтеме.

 

Все события и новости

2021-04-20

Қазақстандағы білім беру – бұл білім беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Бұл мақалада біз кәсіптік білім туралы қысқаша айтатын боламыз. Колледждерде немесе қазіргі кездегі техникалық және кәсіптік білім беру деп аталатын оқу орындарында білім беру 9 немесе 11 сыныптар негізінде жүзеге асырылады және оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 1 жыл 6 айдан 3 жыл 10 айға дейін өзгереді.

2021-04-16


Сіздерді  профессорлық-оқытушылық құраммен танысу, магистратура мен докторантура туралы және  көптеген басқа да пайдалы ақпараттар күтуде, сонымен қатар университет 7 ең қызықты сұраққа жауап береді:

2021-02-19

Нархоз университеті Сіздерді халықаралық құқық олимпиадасына – зияткерлік сайысқа қатысуға шақырады, оның мақсаты бітіруші сыныпта оқитын білімалушылардың  құқық саласындағы білім деңгейін анықтау болып табылады. Олимпиада аясында сіз өзіңіздің біліміңізді тексеріп қана қоймай, жеңіске жетсеңіз, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу құнын толық немесе ішінара төлеуге мүмкіндік аласыз.

2021-01-26

Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың қатысуымен «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті, форум барысында талапкерлер көптеген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Толығырақ айта кетсек:

2021-01-21

2021 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсанына дейін өтті, ҰБТ 2021 жылдың 20 қаңтар айында басталды. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны 2242 теңге. Карантинге байланысты  ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 ағым бойынша өтеді.

Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие