2021-01-26

Жаңалықтар
2021 жылғы ҰБТ өзгерістері.

Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың қатысуымен «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті, форум барысында талапкерлер көптеген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Толығырақ айта кетсек:

  1. 2021 жылғы наурыздан бастап ҰБТ электронды форматқа көшіріліп, үш айға созылады.

«Электрондық формат» дегеніміз оқушылар ҰБТ-ны онлайн режимінде, кез келген жерден тапсырады дегенді білдірмейді, талапкерлер арнайы компьютерлермен жабдықталған тестілеу орталықтарында ҰБТ тапсырады.

«Егер бұрын әр оқушының алдында тест тапсырмалары жазылған қағаз кітабы болса, енді кітаптың орнына тест тапсыратын дербес компьютер болады. ҰБТ белгілі бір күнге байланбайды, яғни бұрын мектеп оқушылары тестілеуді нақты белгіленген 10 күн аралығында тапсырған болса, енді ҰБТ үш айға созылып өткізу күні мен уақытын талапкердің өзі таңдайды», – деп түсіндірді Смағұлов.

  1. Талапкерлерге тестілеуден екі рет өтуге болады.

Жаңа ережеге сәйкес, мектеп оқушылары ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижесімен грант алу конкурсына қатыса алады.

ҰБТ бір рет тегін тапсырылады  Қазіргі уақытта екінші тест тегін болуы керек деген сұрақ шешілуде. Алайда егер тестілеу ақылы болатын болса, оның құны 2 242 тенгеден аспайды.

  1. Тестілеу орындарында орташа есеппен 50 адам ҰБТ тапсырады.

ҰБТ тапсыру үшін Қазақстанның барлық аймақтарында 56 тестілеу орталықтары жұмыс істейді. Олар наурыз бен қыркүйек айлар аралығында жалға алынады. Тестілеу орталықтары емтиханды екі ағым бойынша өткізеді: бірінші – 10-нан 14:00-ге дейін және екінші ағым –  15:00-ден 19:00-ге дейін.

Пандемия кезінде ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді – залдарда орта есеппен 50 адам отырады және талапкерлер арасында арақашықтық сақталады.

  1. ҰБТ тапсыру уықыты.

Биыл ҰБТ тапсыратындар үшін екі түрлі уақыт бақылауы болады: ЖМБ пәндеріндегі (математика, физика, химия, биология, география) ҰБТ тапсырғандарға 240 минут (4 сағат), ал ҚГБ пәндеріндегі (орыс тілі, қазақ тілі, шет тілдер,тарих, адам.қоғам.құқық, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті)  ҰБТ тапсырғандарға 225 минут (3 сағат 45 минут) уақыт бөлінеді. Тестілеу кезінде арнайы үзілістер беріледі.

  1. ҰБТ кезіндегі IT-қауіпсіздік.

«ҰБТ-ны тек нақты компьютерлерден тапсыруға болады. Логин мен пароль арқылы басқа адамға тапсыру мүмкін болмайды. Компьютерлерде флэш-карталар мен USB-ге арналған слоттар болмайды. Сондай-ақ, әр оқушының алдында бақылау камерасы орналасқан, тест тапсырушылар Face-ID арқылы анықталады», – деп тестілеу орталығының басшысы ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы айтты. Талапкерлерге өзімен тек қаламсап алу рұқст етіледі. Арнайы мөрмен белгіленген қағаздар тестілеу орталықтарында таратылып, калькулятор мен Менделеев кестесі компьютерлерге ыңғайлы форматта жүктелетінін атап өткіміз келеді.

Компьютерлік тест кезінде оқушы өз жауаптарын өзгертіп, пәндер арасында ауыса алады. Сонымен қатар, енді тестілеудің нәтижелерін алу үшін кешке дейін күтудің қажеті жоқ, талапкер тестілеу нәтижесін алғаннан кейін бірден апелляциялық шағым беруге құқылы.

Все события и новости

2021-04-20

Қазақстандағы білім беру – бұл білім беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Бұл мақалада біз кәсіптік білім туралы қысқаша айтатын боламыз. Колледждерде немесе қазіргі кездегі техникалық және кәсіптік білім беру деп аталатын оқу орындарында білім беру 9 немесе 11 сыныптар негізінде жүзеге асырылады және оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 1 жыл 6 айдан 3 жыл 10 айға дейін өзгереді.

2021-04-16


Сіздерді  профессорлық-оқытушылық құраммен танысу, магистратура мен докторантура туралы және  көптеген басқа да пайдалы ақпараттар күтуде, сонымен қатар университет 7 ең қызықты сұраққа жауап береді:

2021-02-19

Нархоз университеті Сіздерді халықаралық құқық олимпиадасына – зияткерлік сайысқа қатысуға шақырады, оның мақсаты бітіруші сыныпта оқитын білімалушылардың  құқық саласындағы білім деңгейін анықтау болып табылады. Олимпиада аясында сіз өзіңіздің біліміңізді тексеріп қана қоймай, жеңіске жетсеңіз, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу құнын толық немесе ішінара төлеуге мүмкіндік аласыз.

2021-01-26

Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың қатысуымен «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті, форум барысында талапкерлер көптеген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Толығырақ айта кетсек:

2021-01-21

2021 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсанына дейін өтті, ҰБТ 2021 жылдың 20 қаңтар айында басталды. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны 2242 теңге. Карантинге байланысты  ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 ағым бойынша өтеді.

Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие