Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында білімге қол жетімділікті кеңейту мақсатында, абитуриенттер мен студенттер кепілсіз студенттік несие ала алады, негізгі қарызды төлеу мерзімі 10 жылға дейін кейінге қалдырылады.
Қарыздарды қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қаржы орталығының кепілдігі әрекет етеді.
Артықшылықтары:
– жеңілдікті кезең: негізгі соманы өтеу, оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оқу аяқталғаннан кейін 6 айдан соң жүзеге асырылады;
– несиелендірудің жоғары мерзімі: 10 жылға дейін, айыппұл санкцияларсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар;
– бүкіл Қазақстан бойынша несиеге қол жетімділік
– несие сомасына шектеулердің болмауы (оқыту құнынан аспайды);
– оқу орнын таңдауда шектеулердің болмауы;
Қатысушы банктер:
– Нұрбанк;
– Tengri Bank;
– Fortebank.
Рәсімдеу қадамдары:
Студенттік несие алу төмендегідей көрсетілген тәртәп бойынша рәсімделеді:
1) өтініш беруші / студент кеңес алу үшін банкке (Nurbank, Tengribank немесе Fortebank) немесе Қаржы орталығына жүгінеді, қажетті құжаттарды жинайды және оларды өз аймағындағы немесе оқу орнындағы банкке ұсынады;
2) банк пен Қаржы орталығы оң шешім қабылдағаннан кейін банкпен несиелік келісім-шарт жасалынып, несие сомасы оқу орнының шотына аударылады;
Студенттік несие алу үшін, сізге негізгі жұмыс орнында тұрақты табысы бар, соңғы алты айдағы зейнетақы жарналары бар бір немесе екі қарызгер қажет.
Дереккөзге сілтеме.
Қосымша ақпарат:
Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғылы, 18
www.fincenter.kz www.credit.fincenter.kz
ұялы телефон: 8 701 712 42 88