2020-06-25

Жаңалықтар
Құжаттарды онлайн тапсыру

Көптеген оқу орындары құжаттарды онлайн режимінде қабылдайтынын естеріңізге саламыз. Үміткерлер жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсу үшін құжаттарды www.egov.kz электрондық үкімет порталының білім бөлімі арқылы тапсыра алады.

Қызметті онлайн алу үшін:

-Порталда авторизациядан өтіп “Онлайн сұратым” батырмасын басыңыз.

-Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

-Жеке кабинетте (“Қызметтерді алу тарихы” бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

 

Білім гранты бойынша өтінім берілген жағдайда, ЖОО түсу туралы хабарлама өтінім берушінің порталдағы жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде түседі.

Егер талапкер ақылы негізде түсетін болса, онда үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіге мерзімі мен оқу ақысының сомасы көрсетілген төлемді жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама түседі.

Көрсетілген уақытта талапкер құжаттардың түпнұсқаларымен ЖОО-ға келуі және төлемді жүргізуі тиіс, әйтпесе өтініштен бас тартылады, ал пайдаланушы өтінішті қабылдаудан бас тартуды алады.

Ұшқыштарды дайындау үшін ЖОО, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтардың ЖОО түсуге құжаттарды қабылдау тікелей білім беру ұйымдарымен жүргізіледі.

Екінші жоғары білім алуға түсу үшін құжаттарды қабылдау тікелей білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.

 

Все события и новости

2021-04-16

 

Сіздерді  профессорлық-оқытушылық құраммен танысу, магистратура мен докторантура туралы және  көптеген басқа да пайдалы ақпараттар күтуде, сонымен қатар университет 7 ең қызықты сұраққа жауап береді:

2021-02-19

Нархоз университеті Сіздерді халықаралық құқық олимпиадасына – зияткерлік сайысқа қатысуға шақырады, оның мақсаты бітіруші сыныпта оқитын білімалушылардың  құқық саласындағы білім деңгейін анықтау болып табылады. Олимпиада аясында сіз өзіңіздің біліміңізді тексеріп қана қоймай, жеңіске жетсеңіз, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу құнын толық немесе ішінара төлеуге мүмкіндік аласыз.

2021-01-26

Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың қатысуымен «Заманауи білім беру» онлайн-форумы өтті, форум барысында талапкерлер көптеген сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Толығырақ айта кетсек:

2021-01-21

2021 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 15 желтоқсанына дейін өтті, ҰБТ 2021 жылдың 20 қаңтар айында басталды. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны 2242 теңге. Карантинге байланысты  ҰБТ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 ағым бойынша өтеді.

2021-01-14

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында техникалық және кәсіптік білім беруге (ТжКБ) қатысты заңнамадағы жаңалықтар туралы хабарлады.

Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие