2021-07-29

Жаңалықтар
2021 жылы білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға қанша талапкер өтініш берді

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. Құжаттарды қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады, -деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Үміткерлер арасында 7054 «Алтын белгі» иегері, 576 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған 705 бала бар. Балдар тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады. «Сонымен қатар биыл БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға квота бөлді. Енді жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі артты. Оларға арнайы гранттар бөлінген. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Дереккөзге сілтеме.

Все события и новости

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

2021-07-03

Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо білім алушылары мен мұғалімдері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастады.

2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. ҰБТ алғаш рет электрондық форматта өтті. Осы жаңашылдықтың нәтижесінде аймақтарда коронавирустың өршуіне жол берілмеді.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие