2021-11-22

Жаңалықтар
ЕҰУ студенттері – инновациялық «Youth startup» бизнес жобаларбайқауының диплом иегерлері

Еуразия ұлттық университетінің студенттері Кәрім Мазманов пен Аймырза Серіков Бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалі аясындағы «Youth startup» байқауының 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.   Аталған байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан маркетинг қауымдастығы және «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры ұйымдастырды.

Физика-техникалық факультетінің студенті Аймырза Серіков қаладағы және университеттегі оқиғаларды қадағалауға көмектесетін, сонымен қатар әлеуметтік желі қызметін атқаратын мобильді қосымша жобасы авторларының бірі. Ал, көлік және энергетика факультетінің 3 курс студенті Кәрім Мазманов онлайн жұмыс іздеу платформасының жобасын әзірледі.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі – Ғылым, коммерциаландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Гүлнар Мерзадинова жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, проректор университеттің бизнес-инкубаторының резиденттерімен кездесіп, стартап жобаларымен танысты.

Абзал Хабдолла БАҚ және жарнама бағыты бойынша жобасын ұсынса, Елнұр Сәкенұлы ҰБТ-ға дайындықтың тиімді курстары туралы айтты.

Физика-техникалық факультетінің оқытушысы Жұмахан Шарифов «Радиоэлектроника» үйірмесімен таныстырды. Кездесу нәтижелі болды. ЕҰУ бизнес-инкубаторы жаңа бастаған стартаптарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

 

Все события и новости

Еуразия ұлттық университетінің студенттері Кәрім Мазманов пен Аймырза Серіков Бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалі аясындағы «Youth startup» байқауының 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.   Аталған байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан маркетинг қауымдастығы және «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры ұйымдастырды.

2021-11-19

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің 3 курс студенті Бекзат Аманжолов «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды.

2021-09-23

Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің қайта жүргізген тексеру нәтижелері.

2021-07-29

Биыл 75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Айта кетерлік, 2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

2021-07-08

Құрметті талапкерлер! 2021-2022 ж. арналған гранттар тізімі белгілі болды.

Грант тізімімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие