Мамандық
В-Жалпы медицина
Мамандықтың мақсаты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 24 сәуірдегі No 317 қаулысымен Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлау «Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білім беру шеңберінде жүзеге асырылады. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлау үшін түлектің негізгі құзыреттіліктерін белгілейтін мемлекеттік білім беру стандарты дайындалды.

«Жалпы медицина» (5 + 2) мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке жалпы практика дәрігері немесе гигиенист-эпидемиолог дәрігері ретінде заңмен белгіленген тәртіпте өз бетінше практикалық қызмет атқаруына рұқсат етіледі. «Жалпы медицина» (5 + 2) мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлек резидентурада немесе магистратурада оқуды жалғастыруға құқылы. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқу аяқталғаннан кейін клиникалық практикамен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген түлекке медицина бакалавры академиялық дәрежесі бар диплом беріледі.

Түлектер оқуын ары қарай интернатураның 6 және 7 курстарда,  6 бағыт бойынша жалғастыруға құқылы:

  1. жалпы дәрігерлік практика
  2. гигиена және эпидемиология
  3. ішкі аурулар
  4. хирургия
  5. педиатрия
  6. акушерлік және гинекология
Нақтылау
Оқыту тілі
Казахский, Русский, Английский
Таңдау бойынша пән
Химия, Биология
Білім деңгейі
Магистрант

Привет!

В конце этого квеста мы подберем
Вам специальность и учебное место!

Перейти к квесту
Буду поступать
Заполните необходимые данные, чтобы завершить действие