Бұл салалардың ерекшелігі – өндірістік қуаттылықтың ірі кәсіпорындарда шоғырлануы және меншіктің әр түрлі формасындағы шағын кәсіпорындардың көп болуы.
Оқыту барысында студенттер технологиялық жабдықтармен танысады, өндіріс технологиясы мен режимдерін, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және нан-тоқаш, макарон және кондитер өндірісінің дайын өнімдерінің сапа көрсеткіштерін зерттейді.
Осы мамандықтың түлектері нан, макарон және кондитерлік кәсіпорындарда технолог, өндіріс менеджері, цех бастығы болып жұмыс істей алады. Олар сонымен қатар өздерінің өндірісін ұйымдастыра алады.