1966 жылы Ақтөбе педагогикалық институты құрылды, оның құрамына екі факультет (физика-математика және филология) кірді. 1990 жылы институтқа тұңғыш қазақ лингвист профессоры Құдайберген Жұбановтың есімі берілді.
1996 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 573 қаулысымен институт Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылды. 2001 жылдың 31 қаңтарында университет «мемлекет» мәртебесін алды. 2004 жылы 3 ақпанда Қ.Жұбанов атындағы АМУ Ақтөбе педагогикалық институтынан бөлініп қайта құрылды. 2013 жылдың 29 тамызында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының бірігуі нәтижесінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жұмыс жасай бастады.
Тел: +7 (7132) 56-82-80
Тел: +7 (7132) 54-06-19
Тел: +7 (7132) 56-28-96
Қабылдау комиссиясы: +7 (700) 129 10 81
Қабылдау комиссиясы: +7 (701) 368 48 90
Қабылдау комиссиясы: +7 ( 7132) 54 39 74
Сайт: https://arsu.kz
e-mail: info@arsu.kz
e-mail: zhubanovpress@mail.ru