Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – Қазақстанның батыс аймағындағы ерекше білім беру және ғылым саласындағы көп жылдық тәжірибесі бар ерекше университеттердің бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде құрылды.
Бірінші жылы 3 кафедра ашылды, оған қазақ және орыс тілдерінде оқитын 150 студент қабылданды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институт, ал 1994 жылы Атырау университеті болып қайта құрылды. Сол жылы оған көрнекті қайраткер, энциклопедиялық ғалым Халел Досмұхамедовтің есімі берілді. Университет мемлекеттік аттестациядан өтіп, Қазақстанның батыс аймағындағы алғашқы аймақтық университет мәртебесін алды.
2005 жылы университеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілді.
Тел: +7 (7122) 27-63-23
Тел: +7 (702) 118 21 28
Тел: +7 (778) 509 97 74
Тел: +7 778 509 3774
Қабылдау комиссиясы: +7 (7122) 27 63 23
Сайт: https://asu.edu.kz
e-mail: kense@asu.edu.kz
e-mail: Dyusekenova_aina@mail.ru
e-mail: international_office@asu.edu.kz
e-mail: international_office@asu.edu.kz