Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен екі жоғары оқу орнын – Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) мен Целиноград педагогикалық институтын біріктіру негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына қосылу жолымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті (ЕМУ) болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеттерінің бірі.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы білім беру қызметі кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі бойынша жүргізіледі: бакалавриат – магистратура – PhD докторантура бойынша орыс және қазақ тілдерінде тек күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі, бұл білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабылдау мемлекеттік білім гранттары және шарттық негізде жүзеге асырылады.
Екі әскери-есептік мамандық бойынша даярлықты жүзеге асыратын әскери кафедра жұмыс істейді.
Заманауи талаптарға сәйкес магистрлер мен PhD докторларын даярлаудың ғылыми басшылығына әлемнің ғылыми орталықтары мен университеттерінің белгілі шетелдік ғалымдарымен әріптестікте Қазақстанның жетекші ғалымдары тартылуда.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, құқықтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар мамандықтары бойынша Қазақстанда бірінші болып қос дипломды білім беруді жүзеге асыра бастады.
Тел: +7 (7172) 709500
Қабылдау комиссиясы: +7 (7172) 709500
Сайт: https://www.enu.kz/ru
e-mail: enu@enu.kz