Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы 15 тамызда «Қазақ мемлекетті қыздар педагогикалық институты және казақ училищесі» болып ашылды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен университетке ерекше мәртебе берілді, бұл университеттің ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталғандығын растай түседі.
Бүгінде университет көшбасшы әйелдерді даярлаудың ғылыми-педагогикалық орталығына айналып отыр, бұл университет миссиясында көрініс тапқан. Университет халықаралық байланысы екі жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда университеттің 70-тен астам шетелдік серіктестері бар, олар: Mississippi Valley State University (США), Niğde Ömer Halisdemir University (Турция), The University of Silesia in Katowice (Польша), University of Perpignan (Франция), Hubei University (Китай) және т.б. Университет құрамында 6 факультет: қазақ филологиясы және әлем тілдер факультеті, әлеуметтік-гуманитарлық факультет, жаратылыстану факультеті, педагогика және психология факультеті, физика-математика факультеті, өнер және мәдениет факультеті. Аталған факультеттер құрамында 27 кафедра жұмыс істеуде. Сонымен қатар қажетті құралдармен жабдықталған 86 лаборатория, химия-биологиялық ғылыми зерттеу орталығы, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттелер институты бар. Университет профессорлық-оқытушылар құрамы 556 адам. Оның ішінде 52 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаттары, 4 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 3 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, 19 доктор PhD, 184 магистр дәріс беруде. Студент жастар өзінің жеке мүмкіндіктерін жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады. Белсенді жастар ұйымдардың бірі – еліміздің 9 аймағында филиалы бар «Қыз Жібек» клубы.
Тел: +7 (727) 279 14 44
Тел: +7 (727) 233 18 45
Тел: +7 (727) 237 00 98
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 237 00 77
Қабылдау комиссиясы: 87(727)233 18 52
Сайт: https://kazmkpu.kz
e-mail: info@kazmkpu.kz
e-mail: priem_zhenpu@mail.ru