Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен болып табылады.
Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары, 47 Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендиаттары жұмыс істейді. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Біз бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтамыз.
Тел: 8 (727) 377-33-33, 8 (727) 377-33-30
Тел: +7 (727) 377 33 30
Факс: +7 (727) 377-33-44
Қабылдау комиссиясы: +7 (727) 377-33-30
Сайт: https://www.kaznu.kz/ru
e-mail: info@kaznu.kz