Университет тарихы 1952 жылдың 5 шілдесінде басталды. Төрт онжылдық ішінде институт тек республиканың ғана емес, сонымен бірге КСРО-ның жетекші университеттерінің бірі болды. 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды және егеменді мемлекет құрған жастағы Қазақстандағы үшінші университет болды.
2003 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оған ғалым, лингвист-түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді. Университет Еуразиялық университеттер қауымдастығының белсенді мүшесі болып табылады. 2009 жылдың қыркүйегінде, Обсерватория Кеңесінің шешімімен университет Болон келісімінің қағидаларын іске асыру үшін Университеттердің Магна Картасының айналасында топтасқан 600 әлемдік университеттер жетекшілерінің тізіміне енгізілді.
Тел: 8 (7232) 25-23-16
Қабылдау комиссиясы: +7 (7232) 54 08 12
Қабылдау комиссиясы: +7 (7232) 54 14 33
Сайт: https://www.vkgu.kz
e-mail: kense@vkgu.kz
e-mail: rector@vkgu.kz