Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымында тіркелген. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 1 шілдесіндегі № 804 бұйрығымен университет 2008-2009 оқу жылынан бастап өз қызметін жүргізіп келеді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ № 006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын 2009 жылдың 18 мамырында алды.
Сайт: https://htii.edu.kz/ru/
e-mail: info@htii.kz