Қазақстан-Американдық еркін университеті халықаралық серіктестіктегі меншік жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің салтанатты түрде ашылу және оның алғашқы түлектеріне диплом тапсыру кешіне ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі қатысты. Н.Назарбаев университеттің бірінші «Құрметті профессоры». ЖОО-ның басшылық құрамында – АҚШ азаматтары: қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, халықаралық бағдарламалар және халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бойынша вице-президент Дэниел Бэлласт бар. 2014жыл университет өзінің 20 жылдығын атап өтті. ЖОО ҚР білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік үш аттестаттауынан өтті. Университеттің алты мамандығы ACBSP (АҚШ) (бағдарламалар мен алқалық бизнес-мектептердің ассоциациясы, АҚШ) ұйымының халықаралық мамандандырылған аккредитациясына ие болған. ЖОО негізгі басымдылығы-таңдаған мамандықтан басқа ағылшын тілі мен компьютерлік технологияны меңгерген мамандарды дайындау. Университет контингенті 3500-нан артық студенттер, магистранттар PhD докторанттарын құрайды.
Тел: +7(7232)50-50-20
Тел: +7 7232 500 300
Қабылдау комиссиясы: +7 (702) 289-57-95
Қабылдау комиссиясы: +7 (777) 621-93-25
Қабылдау комиссиясы: +7 7232 505 030
Сайт: https://selcom.kafu.kz
e-mail: kafu_ukg@mail.ru