Халықаралық бизнес университеті – бұл Алматыдағы менеджмент және маркетинг, қаржы және есеп, экономика және халықаралық қатынастар, экология және туризм, мемлекеттік және муниципалды басқару, ақпараттық жүйелер, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, психология және журналистика саласындағы мамандарды дайындайтын мамандандырылған гуманитарлық-экономикалық университет. UIB – 1992 жылы Республикалық бизнес мектебі ретінде құрылған және 2001 жылы Халықаралық бизнес университетіне айналған Қазақстан Республикасындағы алғашқы бизнес университеттерінің бірі. UIB – бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD), MBA және DBA бағдарламаларын қосқандағы үздіксіз кәсіптік білім берудің бірыңғай мектебі.
Тел: +7 (727) 259 8000
Факс: +7 (727) 259-63-20
Сайт: https://uib.edu.kz/
e-mail: online@uib.kz