Alem-edu порталы – бұл Қазақстандағы жоғары және орта кәсіби білімге арналған онлайн-сервис. Порталдың басты міндеттерінің бірі – жастарға жоғары оқу орнын немесе колледжді, сонымен қатар бакалавриат, магистратура және аспирантура бағдарламаларын таңдау кезінде туындаған қиындықтан өтуге көмектесу. Портал болашақ талапкерге білім беру өнімін дұрыс таңдауға ғана емес, сонымен бірге туындаған барлық сұрақтарға жауап бере отырып, алғашқы қадамдарымен бірге жүруге көмектеседі.
Alem-edu порталында, біздің мамандар, Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпарат ұсынуды егжей-тегжейлі ойластырып, берілген ақпаратты ұсыну форматы әлеуетті талапкерлерге салыстырмалы талдау жүргізуге және дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Мазмұнын әзірлеу кезінде біздің мамандар талапкерлерге оқу орындарының барлық артықшылықтарын көрсетуге тырысады, сонымен қатар жоғары оқу орындарының, колледждердің және олардың білім беру бағдарламаларының сипаттамасын әр әлеуетті тұтынушыға түсінікті тілде ұсынады. Тек жоғары сапалы және мұқият ойластырылған материалдарды ала отырып, талапкер өзі үшін белгілі бір жоғары оқу орнының немесе колледждің мәдениеті туралы түсінік қалыптастыра алады, сонымен қатар оқу процесін және бүкіл студенттік өмірін ұйымдастырудағы көзқарасын бағалай алады.
Біздің порталда әр университет пен колледж тегін орналастырыла алады. Жоғарыда ұсынылған форматтағы, жоғары сапалы контентті (мазмұнды) құру көп уақытты талап ететіндіктен, біз жоғары оқу орны мен колледждің ақпаратын кепілдендірілген қысқа уақытта орналастыру үшін ақы алатын боламыз. Жыл сайын ақпаратты жаңарту үшін порталда арнайы тариф әзірленген.
Жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған заманауи технологиялық инновация
Alem-edu сайтында жоғары оқу орнының немесе колледждің онлайн-өкілдігі бірнеше бағдарламадан тұрады: